• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2013

Әскери міндеттілер даярлықтан өтті

370 рет
көрсетілді

Ақтау қаласындағы ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің кіші ма­мандарды даярлау оқу орталығының базасында әскери міндеттілерді даяр­лау­дың кезекті кезеңі аяқталды. Резер­вистерді даярлау автомобиль­ маманы, атқыш және басқа да жұмылдыру резервін толықтыруға қажетті маман­дық­тар бойынша жүруде. Жиынға 27-30 жас аралығындағы бұрын дә­лел­ді себептермен әскери қызмет өткер­ме­ген 50 әскери міндетті тартылды. Олардың көпшілігі есепшіден бастап, мек­теп мұғаліміне дейінгі өз қызмет сала­ларының мамандары болып табылады.

Бір ай ішінде жас жігіттер әске­ри істің әліпбиімен танысып, әске­ри техника мен қару-жарақтың мате­риалдық бөлігін, оларды ұрыста қол­дану тәсілдерін зерделейді, дене даярлығымен шұғылданады және бар­лық өткен пәндер бойынша сынақтар тапсырады.

– Жалпы жұмылдыру резерві үшін әскери міндеттілерді даярлау жөніндегі жиын табысты өтті. Әскери мамандық алған төрт әскери міндетті қазірдің өзінде келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға тілек білдірді, – деді кіші мамандарды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталығының бастығы полковник Данияр Галеев.

Бұл жолы оқу-жаттығу орталығында Атырау облысынан келген әскери міндеттілер даярлықтан өтті. Жиынның аяқталуы бойынша олар сертификаттар алып, оларға қатардағы жауынгер және сержанттар құрамының әскери атақ­тары берілді. Бұдан бұрын осы ор­талықта Маңғыстау облысының әске­ри міндеттілері даярлықтан өтсе, та­мыз айының алғашқы күндерінен Батыс Қазақстан облысының жігіттері жаттығуға кіріспек.

«Егемен-ақпарат».