Алматы қаласының жұмыс істейтін жастарына сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін өтініштер мен құжаттар қабылдау басталды. Бұл туралы almaty-jastary.kz хабарлады.
- Алматы қаласының әкімдігі 2020 жылғы «5» қаңтардан бастап «20» қаңтар аралығында Алматы қаласының жұмыс істеп жатқан жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін, Алатау ауданы бойынша 255 пәтерлерден тұратын үшінші пул бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталатынын хабарлайды, - деп жазды almaty-jastary.kz.