• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қаңтар, 2020

Алматы маңындағы ұшақ апаты: екінші ұшқыш есін жиды

440 рет
көрсетілді

Алматы маңында ұшақ апатынан жарақат алған екінші ұшқыш жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бұл туралы № 4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданова айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Ұшқыш есін жиды, жағдайы тұрақтанды. Жансақтау бөлімінен бейінді бөлімшеге ауыстырылды. Сөйледі, қойған сұрақтарға жеткілікті деңгейде жауап бере алады», деді Айман Байзолданова.

Еске сала кетейік, бұған дейін екінші ұшқыштың омыртқасына күрделі операция жасалған болатын.