Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Асар балалар клиникалық ауруханасының ұжымымен кездесіп, емдеу мекемесінің жағдайымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда бұл аурухана 18 жасқа дейінгі 400 мыңдай тұрғыны бар мегополистегі бір ғана балалар ауруханасы. 350 төсек орынға шақталған. Мамандар тапшылығы да бар екен.
Дәрігерлер депутатқа медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң қабылдау керек дегенді айтты.
Сонда ғана көптеген мәселе шешіледі дейді мамандар. Дархан Қамзабекұлы дәрігерлер айтқан ұсыныстарды Заң қабылдар кезде ескеретінін, ақ халатты абзал жандардың жұмыс істеуіне ыңғайлы болатын жағдай жасауға тырысатынын жеткізді.