Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Алматы облысына жұмыс сапары аясында Қарасай аудандық прокуратура қызметкерлерімен кездесіп, бірқатар нысандарды аралады.
Бұл кездесуге Қарасай ауданының әкімі мен полиция басқармасының басшылығы қатысты.
Сенатор кездесу барысында әкімшілік жәнеқылмыстық заңнаманы, құқық қорғау және сот жүйелерін жетілдіру аясында қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін арттыруға, ұрлық, зорлау, есірткі тарату және браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңдар қабылданғанын атап өтті. Оның ішінде әкімшілік-деликтік заңнаманы жетілдіруге, әкімшілік заңнаманы ізгілендіру және жазалау деңгейін төмендетуге; сот қызметін одан әрі жаңғыртуғажәне судьялардың шешім қабылдау кезіндегітәуелсіздігі мен дербестігін арттыруға; сот төрелігін атқару сапасын жоғарылатуға, судьялыққа кандидаттарды іріктеу тәсілдерін оңтайландыруғаарналған заңдар бар.
Парламент қабылдаған маңызды заңдар Елбасының тапсырмаларын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы мен Жолдауын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
Владимир Волков құқық қорғау органдарында жүзеге асып жатқан реформалардың негізгі ережелері туралы айтып берді, оның негізгі міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау және қорғау болып табылады.
Депутат Әйтей ауылына сапар аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған үш қабатты 1200 орындық мектептің ғимаратымен танысты.
Кездесу барысында аз қамтамасыз етілген отбасылардағы балаларды қолдау, педагогикалық және ата-аналар әдебі туралы да талқыланды.
Депутат ауылдық елді мекендерді және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Ол жалпы ұзындығы 21,3 шақырым болатын Қаскелең топтық су құбырының бірінші кезектегі алғашқы іске қосу кешенінің жұмысын зерделеді. Бұл жобаның ерекшелігі – ол толық іске қосылғанда Каскелеңнен басқа аудандағы 23 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Владимир Волков сапарды қорытындылай келіп, оның басты мақсаты –жергілікті жерлердегі істің жай-күйін зерделеу және азаматтарға қажетті жағдайды заңнамалық деңгейде сапалы түрде шешу әрі өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін қажет жайттарды айқын түсіну екенін атап өтті.