• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қаңтар, 2020

Михаил Кукушкин Дохадағы халықаралық турнирді жеңіспен бастады

111 рет
көрсетілді

Дохада теннистен кәсіби теннистен ATP кезеңі өтіп жатыр. Сайыс аясында қазақстандық Михаил Кукушкин бірінші ойында жеңіске жетті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Ойынның алғашқы матчында Кукушкин алаң иесі Малик Жазиримен кездесті. Кездесу 6:0, 6:3 есептерімен Михаил Кукушкиннің еншісіне шешілді.

Келесі ойында ол енді ресейлік Андрей Рублевқа қарсы ойнайды.

Айта кетерлігі, аталған турнирде тағы бір қазақстандық спортшы қатысты. Александр Бублик бірінші кездесуінде франциялық Адриан Манаринноны ұтқанымен, екінші кездесуінде словениялық Альяж Беденге жол берді.