• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Қаңтар, 2020

Қазақстан ГРЕКО мүшелігіне қабылданды

543 рет
көрсетілді

Қазақстан ресми түрде Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) енді. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді.

ГРЕКО-ға қосылу Қазақ­стан­ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы шет­елдік әріптестермен өзара серік­тестігін кеңейтудегі кезекті қада­мы болды. Бұл сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін одан әрі жетілдіру үшін Еуропа Кеңесінің сарапшылық әлеуетін тартуға мүмкіндік бе­реді.

 – Былтыр 30 желтоқсанда еліміз тиісті заң жобасын ратификациялап, Қазақстан ресми түрде Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 50-ші мүшесі болды, – деді О.Бектенов.

ГРЕКО-ға мүшелік сыбайлас жем­қорлыққа қарсы заңнаманың еуро­палық стандарттарға сәйкестігіне тұрақты мониторинг жүргізуді көздейді. Бұл өз кезегін­де елде жүргізіліп жатқан сыбай­лас жемқорлыққа қарсы саясат­тың тиімділігін бағалауға мүмкін­дік беретін Еуропа Кеңесі тарапы­нан аудит саналады. Мони­торинг қорытындысы бойынша ұсы­нымдар әзірленіп, оларды орындау үшін мемлекеттерге 18 ай беріледі.

Сонымен қатар қазақстандық сарапшылар да өзге қатысушы елдердің мониторингі үшін бағалау топ­тарының құрамына енеді. Олар Қазақстанның сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясаты­ның прогрессивті элементтерін ұйымға кіретін басқа елдерде таратуда «жолсерік» болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов ГРЕКО-ға кіру Қазақстанға Еуропа Кеңесі конвенциясының сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және басқа да маңызды халықаралық нормативтік құқықтық актілерді ратификациялауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 – Оларды ратификациялау шетелдік әріптестермен қылмыс­керлерді экстрадициялауға, шетелге шығарылған активтерді қай­тару бөлігінде одан әрі тиімді ынты­мақтастықты дамытуға мүм­кін­дік береді, – деді О.Бектенов.