• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қаңтар, 2020

Опырылған плита тастарды кілеммен жасырып қойған

332 рет
көрсетілді

Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші неге қараусыз тұр?

Желтоқсан көтерілісі құрбан­дары құрметіне елімізде қаншама кітап жазылып, қаншама ескерт­кіш орнатылды. Солардың бірі – Зайсан қаласындағы Х.Мұс­тафина атындағы мектеп-лицейі мен қалалық аурухананың аралы­ғында орналасқан саябақтағы «Халық Қаһарманы»,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар, – деп соңына сөз қалдырған қазақ­тың қайсар ұлы Қайрат Рысқұл­бековтың ескерткіші.

Өкінішке қарай, ескерткіштің қазіргі жағдайы мәз емес. Тұғыры мүжіліп, төселген плита тастары сынып, шашылып жатыр. Ескерткіш тұғырының шетіндегі қара бояумен жазылған «А» әрпі де сол қалпы тұр. Бір қызығы, қы­зығы емес-ау, шыжығы, жа­қында ел көлемінде аталып өткен Тәуелсіздік мерекесінде Зайсан ауданының әкімдігі, Ішкі саясат бөлімі өздерінше осы олқылықты қалпына келтірмек болды... Опы­рылған плита тас­тарды үлкен кі­лемдерді жайып жасырса, ес­керт­кіштің тағанындағы қара бояу­мен жазылған «А» әрпін гүл шо­­ғымен жауып, іс-шараны өткер­ді.

 

Еркебұлан ЗАҒЫПАРОВ,

журналист

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы