• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Парламент 14 Қаңтар, 2020

Ғұмар Дүйсембаев Атыраудағы Оқушылар және жастар сарайында болды

279 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев жұмыс бабындағы сапармен Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Махамбет аудандарында болды. Сенатор Құрманғазы ауданында жергілікті тұрғындармен және шекара маңындағы өткізу бекетінің қызметкерлерімен кездесті.

Ғ.Дүйсембаев Исатай ауданының Аққыстау ауылында салынып жатқан 320 орындық кәсіпкерлер колледжінің, Мақат ауданының Доссор кентінде мемлекеттік бюджет қаржысына салынып жатқан кәріздік тазарту құрылғыларының құрылысымен танысты.

Сенатор Атырау қаласында жаңадан қолға алынған Оқушылар және жастар сарайының құрылысымен танысты.

Депутат аудандар мен ауылдардағы тұрғындарымен және жұмысшыларымен кездесулерде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыруды, мемлекеттік әлеуметтік қолдау жөніндегі енгізілген өзгерістер мен Өңірлерді дамыту мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді және Парламент қабылдаған заңдар туралы хабардар етті.