• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қаңтар, 2020

Бес ауылға табиғи газ жетті

346 рет
көрсетілді

Былтыр жыл соңында от жағып, күл шығару бей­неті­нен құтылған ауылдар – Тал­дыапан ауылдық округіне қарасты Талдыапан, Қособа, Қайшақұдық, Сарықұдық және Қараөзен ауылдық окру­гіне қарасты Серік ауылдары. Оған Көмекші, Көктерек, Оразғали, Жұлдыз ауылдары да қосылмақ. Бұған қоса, Кішкенешал, Талдықұдық, Кішіталдықұдық, Бейістерек ауылдарына да газ құбырын тарту жұмыстары басталған. Таяу болашақта Көпкүтір, Ақ­қурай, Хайруш, Саралжын, Қызылту, Қаракөл, Сексенбаев, Мереке, Сатыбалды, Ащысай, Жас, Танат, Әбіш, Еламан секілді шағын елді­ мекендерге көгілдір отын жет­кізу үшін жобалық-сме­та­лық құжаттар дайын тұр екен. Бұл жұмыстар жүзеге асқан жағдайда аудан халқы түгелге жуық табиғи отынмен қамтылады.

– 28 жыл ішінде еліміздің эко­номикасы нығайып, халық­тың әл-ауқаты артты. Мұның барлығы сіз бен біздің ортақ істері­міздің нәтижесі, – деді тұрғын­дардың қуанышына ортақ­тасқан Қазталов ауданы­ның әкімі Альберт Есалиев.

Ауданда «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет­тен бөлінген 489 млн 227 мың теңге қаржыға 105,1 шақы­рым желі іске қосылған. Бұл жұмыстарды «ӘлиСервис», «ГазГид» меке­мелері сапалы атқарған.

Алақандай ауылымызға табиғи газ келіп, мәре-сәре болып қуанып жатырмыз. Міне, азаттық туы желбіреген бейбіт елдің ертеңі дәл осылай сәт сайын гүлдене беруі керек, – дейді Серік ауылының тұрғыны Қымбат Абдрахманова.

 

Батыс Қазақстан облысы