• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2013

Жаңа жобалар жұмыс істеп тұр

350 рет
көрсетілді

Үкіметтің отырысында 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі ин­дустриялық-инновациялық да­му мемлекеттік бағдарламасы ая­сында өңірлерде жүзеге асырылған кейбір жобалардың жұмыс істемей тұрғаны ай­тыл­ған-ды. Шыны керек, осындайда кезінде Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың жаңа кәсіпорындар мен нысандарды өзінің көзінше лен­тасын қидырғаннан кейін іске қосылмайтынын сынға алға­ны еске түседі. Өңірдегі осы ба­ғыт­тағы жағдайды білмекке облыс­тық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Марат Балмұхановқа жолыққанбыз. Марат Нүренұлы әңгімені әріден бастады.

 

Үкіметтің отырысында 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі ин­дустриялық-инновациялық да­му мемлекеттік бағдарламасы ая­сында өңірлерде жүзеге асырылған кейбір жобалардың жұмыс істемей тұрғаны ай­тыл­ған-ды. Шыны керек, осындайда кезінде Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың жаңа кәсіпорындар мен нысандарды өзінің көзінше лен­тасын қидырғаннан кейін іске қосылмайтынын сынға алға­ны еске түседі. Өңірдегі осы ба­ғыт­тағы жағдайды білмекке облыс­тық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Марат Балмұхановқа жолыққанбыз. Марат Нүренұлы әңгімені әріден бастады.

Ол облыста бұл бағдарламаны жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек ете келіп, еліміздің Индустрияландыру картасына облыстан 10.0 мыңнан астам жұмыс орнының құрылуымен 632,8 миллиард теңге тұратын 73 инвестициялық жоба енгізілгенін жеткізді. 2010-2012 жылдары Ин­дустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 188,3 миллиард теңгеге 64 жоба пайдалануға беріліп, 5 мың жаңа жұмыс орны ашылғанына тоқталды. Өткен жылы ғана жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге болатын 13 жоба іске қосылып, 400 адам еңбекке тартылған.

Сөз арасында осы пайдалану­ға берілген кәсіпорындар түгелдей толық қуатында жұмыс істеп тұр ма деген көкейдегі күдігімізді де жасырмадық.

– Жалпы, барлығы да жұмыс істеп тұр. Алайда, іске қосылған жаңа кәсіпорындар толық қуа­тында жұмыс істеп кетуіне бел­гілі бір уақыт керек. Соңғы екі жылда пайдалануға берілген 64 жобаның 44-і жоспарлы қуа­тына шыға бастады Оның ішін­де «Восход Ориел», «Ақтөбе мыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сияқ­ты ірі кәсіпорындар бар. Пай­да­лануға берілген 20 кәсіпорын 31,2 пайызға жұмыс істеп тұр. Бұлар да кезең-кезеңмен жоба­лық қуаттарына шығуға ба­ғыт ұстауда. Бір себептермен, технологиялық жағдайда белгілі бір кезеңде тоқтап қалатындары да кездеседі. Бұл маусымдық сипатта жұмыс істейтін салаларға, соның ішінде құрылыс салуға қажетті кірпіш, бетон блоктар, қабырғалық материалдар, қиыршақ тас шығаратын кәсіпорындарға қатысты. Іске қосылған жобалардың жұмысына мониторинг жүргізіледі. Әзірге жүзеге асырылған жобалардың мүлдем тоқтап тұрғандары жоқ. Жаңа нысандарды іске қосу өнім өндіруге анағұрлым серпін берді. 2012 жылдың қорытындысында үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының барлық негізгі көрсеткіші бойынша өсімнің оң қарқыны байқалды, – деді Марат Балмұханов.

Үстіміздегі жылы өңірде жеті жаңа инновациялық жобаны іске қосу көзделуде. Оларға салынатын инвестиция көлемі – 112,0 миллиард теңгені құрайды. Олардың арасында «Қазхром» ТҰК» АҚ-қа қарасты Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 4 цехы бар. Бұл кәсіпорынның алғашқы екі пешін үстіміздегі жылдың қараша айында іске қосу жоспарланған. Қазір құ­ры­лыс жұмыстары аяқталып келеді. Қондырғыларды орнату ыждағаттылықпен атқарылуда. «Стройдеталь» ЖШС жаңа цех құрылысын салып пайдалануға беретін болады. Жаңажол газ өңдеу зауытының үшінші кезе­гін пайдалануға беретін «Ақтө­бемұнайгаз» АҚ қарқынды жұ­мыс істеуде. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Транспортные технологий» ЖШС-мен бірлесіп салып жатқан рельс зауытына 55 миллиард теңге инвестиция салынатын болады. Бұл зауыт жылына 400 мың тонна темір жол рельстерін шығаруға есептелген. Бұл жобаны жүзеге асыруға «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша тиісінше инженерлік инфрақұрылым жүргізуге 2 миллиард теңге бөлінген.

Облыс орталығынан ин­дус­триялық-инновациялық парк салу қолға алынды. Мұнда инженерлік коммуникациялар жүргізу үшін техникалық-экономикалық негіздеме жасалып қойылған. Индустриялық аймақта жалпақ әйнек шығаратын зауыт құрылысы басталмақ. Қазір оның бизнес-жоспары жасалуда. Ыдыстық шыны зауыты да салынады деп күтілуде. Болашақта тұрғын үй құрылысы комбинаты, темір-бето