• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Қаңтар, 2020

Александр Савин семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінде үштікке енді

235 рет
көрсетілді

19 қаңтар күні Бахрейннің Манама қаласында шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі  өтті. Оған Қазақстан командасының төрт спортшысы қатысты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Александр Савин қола жүлдегер атанды. Кирилл Павлов 8-ші, Святослав Аксенов 11-ші, Ильхамжан Анаркулов 16-шы орынға табан тіреді. 

Алтын медаль ресейлік Дмитрий Швелидзенің еншісінде. Күміс медаль италиялық Джулио Гаетиниге бұйырса, екінші қола жүлдені Ресей өкілі Владимир Толасов иеленген.  Жарысқа жалпы есебі 61 спортшы қатысты.