• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 20 Қаңтар, 2020

Президент қызметтік борышын атқару үстінде көз жұмған полицейді «Айбын» орденімен марапаттады

210 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару үстінде көз жұмған полицей Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм). Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Дархан Базарбаев 19 қаңтар күні Қостанайда қызметтік міндетін атқару кезінде қаскөйдің қолынан мерт болды. Полицейдің артында 4 айлық сәбиі қалды.