Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялауына орай, Ақтау қаласы Полиция басқармасының бастауымен Ақтау қаласы әкімдігімен және білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп меморандум жасалды. Сондай-ақ кең ауқымды кездесу өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу мақсаты - Ақтау қаласы «Жастар» орталығының студенттерін «Еріктілер» қатарына тарту. Меморандумда еріктілерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, оны қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықбұзушыларға салынған айыппұлдарды өндіру бағытында ескерту жұмыстарын ұйымдастыруға 50 ерікті-студенттер аймақтық учаскелік инспекторлармен бірге қызмет атқарды.
Сондай-ақ, 7 орта мектеп оқушыларынан құрылған Жол қозғалыс жас инспекторлары Ақтау қаласы бойынша жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп қызмет атқарды.
Студент жастар мен орта мектеп оқушылары аталған іс-шараға белсене қатысып, қызығушылықтарын көрсетті. Бұл іс-шара алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Маңғыстау облысы