• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Руханият 21 Қаңтар, 2020

Елбасы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына барды

145 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен мерекелік концертті тамашалады.

Іс-шара барысында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту ресми түрде басталды.

Мерекелік концертте еліміздің танымал әртістері, опера әншілері, сондай-ақ симфониялық оркестр өнер көрсетті.

Осыған дейін елордада қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл-кемеңгері Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсімі өткенін хабарлаған едік. Салтанатты жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.