• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қаңтар, 2020

Маңғыстау соттарында қаралған қылмыстық істер саны көбейген

479 рет
көрсетілді

Мұндай мәліметті «Қоғамдық Коммуникация Орталығында»  өткен Маңғыстау облысы соттарының 2019 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы туралы  брифингте қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев мәлім етті.      

Брифингке облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев пен облыстық соттың судьясы, БАҚ-пен байланысын үйлестірушісі Айжан Молбаева да қатысты.  

«Есепті мерзімде қаралған қылмыстық істердің статистикасы туралы баяндап, өңірде зорлау (2019-13, 2018-5), ұрлық (2019-174, 2018-130), алаяқтық (2019-105, 2018-90), қарақшылық (2019-34, 2018-28) бойынша қылмыстық істердің көбейген. 2019 жылдың 12 айында аудандық және оған теңестірілген соттарда 2037 қылмыстық іс 2307 тұлғаға қатысты аяқталған, 1537 іске қатысты үкім шығарылып сотталған (2018 жылдың 12 айында – 1929 қылмыстық іс түсіп, 1874 қылмыстық іс 1921 адам бойынша аяқталған). Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 386 тұлға/163 іске көбейген» деді істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев.

18 тұлға бойынша ақтау үкімі шығарылған, (оның ішінде 14 тұлға жеке айыптау істері бойынша ақталған) (2018 жылдың 12 айында – 23 тұлға ақталса, оның ішінде 11 тұлға жеке айыптау істері бойынша ақталған).

18 тұлғаға қатысты ақтау үкімдері Ақтау қалалық сотында -7, Жаңаөзен қалалық сотында –7, Маңғыстау аудандық соты-1, Мұнайлы аудандық сотында – 2, мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты-1 шығарылған.

Облыс соттарында медиаторлармен 261 (аяқталған істердің 12,8%) қылмыстық іс қаралып, сотталушылар жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған (2018ж. 12 айында –260 іс өндірістен қысқартылған, медиатормен 178 іс, 68,4%) яғни 83 іске көбейген.

Сотталған әйел адам саны-160, онша ауыр емес-35, орташа-39, ауыр-50, аса ауыр-1, теріс қылықпен-35, жеке айыптау бойынша – 6. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2019 жылдың 12 айында 47 тұлғаға қатысты іс аяқталған (2018 жылы-28 тұлға),оның ішінде бас бостандығынан айыруға сотталғандар-9, шектеу жазасы-11, айыппұл салынған-25, ҚК-нің 71-бабының 1 -бөлігінің 2-тармағына сай, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған- 2. Өткен жылмен салыстырғанда 19 тұлғаға көбейген.

Одан әрі Айжан Молбаева «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылданғандығын айтып, оның ішінде көліктегі құқық бұзушылықтарға, көші-қон саласындағы, жеке тұлғаға қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық бойынша басты өзгерістерге тоқталып өтті. Сондай-ақ ол сот ісін жүргізуде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану мәселесіне тоқталып, оның ішінде сот отырысына қашықтықтан қатысу, талап арыздарды электронды беру, сот процестерінің аудио-бейнежазбаларға таспалануы туралы айтты.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев өңір бойынша есепті мерзімде азаматтық және әкімшілік істердің саны едәуір азайып, медиация тәртібімен қысқартылған істердің саны артып отырғанын тілге тиек етті.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы кезеңде барлығы 21 655 іс қаралып аяқталған, былтыр аяқталған істердің саны 36 434 болатын, яғни барлық аяқталған істердің саны 14 779 данаға азайған.

2191 іс татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы қысқартылған. Олардың ішінде 351 іс бітімгершілікке келу арқылы аяқталған. Былтыр 1549 іс татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы аяқталған, яғни бұл көрсеткіш 642 данаға өскен. Олардың ішінде 1834 іс медиацияның тәртібімен аяқталған. Партисипативтік келісімге келу арқылы 6 іс қаралған, былтыр да 6 азаматтық іс партисипативтік тәртіпте қаралған болатын.

Есепті кезеңде Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік және облыстың аудандық соттарына барлығы 14 696 әкімшілік іс түскен, олардың 14381-і қаралған. Былтыр соттарда 17243 іс қаралған, яғни қаралған істердің саны 2862 данаға азайған.