Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Санкт-Питербургте өткізген Нұр-Сұлтанның «Барысы» жергілікті СКА-дан ұтылып қалды.
Бірінші кезеңнің 4 минутындағы Иван Морозовтың голынан кейін СКА алға шықты - 1:0. Бұл есеп үзіліске дейін сақталды.
Екінші кезеңде көреремендер қақпаға соғылған бес голдың куәсі болды. Тарқатып айтсақ, 23 минутта Кертис Волк есепті теңестірді – 1:1. 26 минутта Василий Глотов жергілікті жанкүйерлерді қуантты – 2:1. 30 және 33 минуттарда Никтита Михайлис қатарынан екі шайбаны қақпа торына дәл түсірді – 2:3. 35 минутта Василий Подколзин таразы басын теңселтті – 3:3.
Үшінші кезеңде айдын иелері қонақтарға бас көтертпеді. СКА хоккейшілері қақпамызға төрт гол соқса, біздің жігіттер бір ғана шайбамен жауап бере алды. Қорытынды есеп – 4:7.