• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қаңтар, 2020

Теннис: Кукушкин мен Бублик үшінші айналымға шықты

222 рет
көрсетілді

Қазақстандық жұп – Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің үшінші айналымына шықты.

Жекелеген сайыста сәтсіздікке ұшыраған жерлестеріміз жұптық бәсекелерде өздерін жақсы қырларынан көрсетуде. Тұсаукесер кездесуде оларәлемдегі ең мықты жұптардың бірі, былтырғы жылғы Ролан Гарростың жеңімпаздары, германиялық Кевин Кравиц пен Андреас Мисті 6:3, 7:6 есебімен ұтқан еді.

Екінші кезеңде Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Оңтүстік Кореяның оғландары Нам Джи Сун мен Сона Мин-Кьюмен күш сынасты. 2 сағат 14 минутқа созылған бәсеке 6:7, 6:4, 7:5 есебіменотандастарымыздың пайдасына шешілді.