Тель-Авивте өткен Гран-при додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері толықтай белгілі болды.
Олимпиялық рейтингті жақсартуға мүмкіндік беретін жарыста әйелдер арасында мына дзюдошылар жеңіс тұғырына көтерілді:
48 кило: 1. Натцуми Цунода (Жапония), 2. Ширин Боукли (Франция), 3. Мелани Клемент (Франция) пен Тугсе Бедер (Түркия).
52 кило: 1. Шишима Маеда (Жапония), 2. Жонг Бокенг (Оңтүстік Корея), 3. Шарлин ван Сник (Бельгия) пен Пак да Сол (Оңтүстік Корея).
57 кило: 1. Кажа Кайзер (Словения), 2. Хелен Реверва (Франция), 3. Хедвиг Каракас (Венгрия) пен Нора Гякова (Косово).
63 кило: 1. Катарина Хекер (Аустралия), 2. Катрин Бошмен-Пинар (Франция), 3. Мартина Трайдос (Польша) пен Рената Зачева (Чехия).
70 кило: 1. Салли Конвэй (Ұлыбритания), 2. Ким Сен-Ен (Оңтүстік Корея), 3. Келита Зупанчич (Канада) пен Ай Цунода (Испания).
78 кило: 1. Натали Пауэлл (Ұлыбритания), 2. Бенадетте Граф (Аустрия), 3. Юн Хюнжи (Оңтүстік Корея) мен Патрисио Сампайо (Португалия).
+78 кило: 1. Роман Дико (Франция), 2. Тесси Савелкоус (Недерланд), 3. Кайра Сают (Түркия) пен Рошел Нуньес (Португалия).