Израильдің астанасы – Тель-Авивте өткен Гран-при додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері толықтай анықталды.
Олимпиялық рейтингті жақсартуға мүмкіндік беретін жарыста ерлер арасында төменде есімдері аталған дзюдошылар жеңіс тұғырына көтерілді:
60 кило: 1. Ким Вон Жин (Оңтүстік Корея), 2. Михрак Аққұс (Түркия), 3. Дай Аоки (Жапония) мен Николай Фока (Молдова).
66 кило: 1. Ан Баул (Оңтүстік Корея), 2. Ерлан Серікжанов (Қазақстан), 3. Даниэл Гаргнин (Бразилия) мен Тал Фличер (Израиль).
73 кило: 1. Фабио Базил (Италия), 2. Фердинанд Карапетян (Армения), 3. Нил Стумп (Швейцария) пен Мартин Нояк (Словения)
81 кило: 1. Аслан Лапинагов (Ресей), 2. Алексиос Нтанацидис (Грекия), 3. Эдуардо Сантос (Бразилия) пен Лука Масурадзе (Грузия)
90 кило: 1. Гвак Донгхан (Оңтүстік Корея), 2. Михайл Өзерлер (Түркия), 3. Рафаэль Македо (Бразилия) мен Петр Кузера (Польша)
100 кило: 1. Петер Пальчик (Израиль), 2 . Леонардо Консалвес (Бразилия), 3. Карл-Ричард Фрэй (Ұлыбритания) мен Рафаэль Бузакарини (Бразилия).
+100 кило: 1. Ор Сассон (Жапония), 2. Ким СунМин (Оңтүстік Корея), 3. Якуб Хаммо (Украина) мен Юсуке Кумаширо (Жапония).