• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қаңтар, 2020

Теннис: Диас пен Рыбакина екінші кезеңде ұтылды

310 рет
көрсетілді

Қазақстандық жұп – Зарина Диас пен Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің екінші кезеңінде сүрінді.

Алғашқы айналымда олар франциялық Ализе Корне және Фиона Ферромен кездескен еді. 2 сағат 25 минутқа созылған бұл тартыс 6:4, 6:7, 7:6 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.  

Екінші кезеңде Зарина Диас пен Елена Рыбакина Александра Саснович (Беларусь) және Виктория Кужмова (Словакия) жұбымен шеберлік байқаты. 1 сағат 32 минутқа созылған сайыста отандастарымыз 4:6, 5:7 есебімен есе жіберді.