• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қаңтар, 2020

Теннис: Кукушкин мен Бублик ширек финалға шықты

271 рет
көрсетілді

Қазақстандық жұп – Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің ширек финалына шықты.

Тұсаукесер кездесуде олар әлемдегі ең мықты жұптардың бірі, былтырғы жылғы Ролан Гарростың жеңімпаздары, германиялық Кевин Кравиц пен Андреас Мисті 6:3, 7:6 есебімен ұтқан еді.

Екінші кезеңде Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Оңтүстік Кореяның оғландары Нам Джи Сун мен Сона Мин-Кьюмен күш сынасты. 2 сағат 14 минутқа созылған бәсеке 6:7, 6:4, 7:5 есебімен отандастарымыздың пайдасына шешілді.

Үшінші айналымда біздің теннисшілер америкалық Сэм Куэрри және Стив Джонсонмен шеберлік байқасты. 1 сағат 10 минутқа созылған тарыста 6:4, 6:2 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті.

Ширек финалда Михаил Кукушкин мен Александр Бублик жұбы корт қожайындары – Джеймс Даквортжәне Марк Полманспен күш сынасады.