• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қаңтар, 2020

Футбол: «Қайрат» «Легияны» ұтты

431 рет
көрсетілді

Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайраты» Варшаваның «Легиясымен» жолдастық кездесу өткізді.

13 дүркін Польша чемпионы және сол ел біріншілігінің лидеріне қарсы кездесуде жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Бұл матчтағы жалғыз голды Артур Шушеначев соқты. Есеп – 1:0. Десек те «Легияның» есепті теңестіріп қана қоймай, алға шығуына да тамаша мүмкіндіктері болды. Олар екі рет  11 метрлік айып добын соқты. Бірақ алғашқы доп қиыс кетсе, екіншісінде қақпашы допты кері қайтарды.  

Алдағы күндері «Қайрат» Түркияда Киевтің «Динамосы» және Болгарияның «Лудогорец» клубтарына қарсы жолдастық кездесу өткізуді көздеуде.