• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Қаңтар, 2020

Шығыны табысынан көп холдингтер бар

305 рет
көрсетілді

Президент Қ.Тоқаев еліміздегі аса ірі квазимемлекеттік холдингтерге қатысты бірқатар сын айтты. Мұндай холдингтердің қатарында «Бәйтерек», «Самұрық-Қазына» «ҚазАгро», «Зерде» және тағы басқаларын тілге тиек етуге болады.

Жалпы, бүгінгі таңда Қазақ­стан экономикасында квази­мемлекеттік және мемлекет­тік сектор­дың үлесі өте үлкен. Мем­лекеттің қатысы бар компанияларда барлығы 300 мыңға тарта адам жұмыс істейді. Бұл дегеніміз – жұмысқа қабілетті халықтың 3,5 пайызы.

Холдингтердің портфельдік компанияларының активтері ІЖӨ-нің жартысына жуығын құрай­ды. Бұл – өте үлкен көрсет­кіш. Олардың қаншалықты тиім­ді жұмыс істеп жатқанын қай­та қарастыру керектігі туралы Мемлекет басшысының тара­пынан бұған дейін де ай­тыл­ған болатын. Бұл орайда «Бәйтерек» ҰБХ еліміздегі ең ауқымды экономикалық бағдар­ламаларды жүзеге асырумен айналысатынына назар аударған жөн. Яғни, оның тиімсіз жұ­мыс істеуі экономикалық бағдар­ламалардың да тиімді жүзе­ге асырылатынына күмәнмен қарау­ға жетелейді.

2018 жылы «Бәйтерек» хол­дингінің табысы 35 млрд тең­гені құрады, ал әкімшілік шығын­дары­ның көлемі 43 млрд теңге бол­ды. 43 млрд теңгенің 21 млрд-сы қызметкерлерге жұм­сал­­ған. 2017 жылы атал­ған хол­дингтің әкімшілік шығын­дары 39 млрд теңге болды. Яғни, хол­дингтің жыл­дық шығыны табы­сы­нан әлде­қайда жоғары деген сөз. Осы­ған байланысты штаты­ның тым көптігі туралы мәселе көтері­л­гені орынды деп санаймын.

Президент халықтың әл-ауқа­тын көтеру міндетін алға қойып отыр. Әлеуметтік төлем­дерге жұм­салатын шығын көлемі ұлғаю­да. Осындай кезеңде хол­дин­г­тердің әкімшілік және басқа да шығындарын азайтып, шектен тыс ұлғайып кеткен штатын ықшамдау мәселесінің өзектілігі арта түседі.

 

Вячеслав ДОДОНОВ,

Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы