• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қаңтар, 2020

Теннис: Кукушкин мен Бублик жұбы жартылай финалға шықты

206 рет
көрсетілді

Қазақстандық жұп – Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Мельбурнде өтіп жатқан Австралияның ашық біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды.

Тұсаукесер кездесуде олар әлемдегі ең мықты жұптардың бірі, былтырғы жылғы Ролан Гарростың жеңімпаздары, германиялық Кевин Кравиц пен Андреас Мисті 6:3, 7:6 есебімен ұтқан еді.

Екінші кезеңде жерлестеріміз Оңтүстік Кореяның оғландары Нам Джи Сун және Сон Мин-Кьюмен күш сынасты. Бұл бәсеке 6:7, 6:4, 7:5 есебімен аяқталды.

Үшінші айналымда біздің жігіттер америкалық Сэм Куэрри және Стив Джонсонмен шеберлік байқасып, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда Михаил Кукушкин мен Александр Бублик жұбы корт қожайындары – Джеймс Дакворт және Марк Полманстан басым түсті. 1 сағат 44 минутқа созылған сайыста 7:6, 7:5 есебі тіркелді.

Осылайша, қазақстандық теннисшілер өздерінің спорттық мансаптарында тұңғыш рет «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстың жартылай финалында күш сынасу құрметіне ие болды.