• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қаңтар, 2020

Дзюдошылардың әлемдік рейтингі жаңартылды

231 рет
көрсетілді

Дзюдодан Тель-Авивте өткен Гран-при додасынан кейін әлемдік рейтинг қайта жаңартылды. 

Айтулы жарыста Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз ғана жүлде түскен еді. Сол күміс медальдің иегері Ерлан Серікжанов 66 кило салмақтағы балуандар арасында екі сатыға жоғарлап, қазіргі кезде тоғызыншы орынды иеленуде.

Осы орайда отандастарымыз арасында ең үздік көрсеткіш әлі де әйгілі Елдос Сметовке тиесілі екенін айта кеткен абзал. Аса жеңіл салмақта белдесіп жүрген саңлақ спортшы бұл күндері екінші орынды олжалауда. Дәл сол салмақтағы Ғұсман Қырғызбаев сегізінші сатыға жайғасты.

Міне, бүгінгі таңда «ТОП-10» дзюдошының қатарына жоғарыда есімдері аталған үш қандасымыз еніп отыр.

Ал ерлер арасында әлемдік рейтингтің көшбасшылары мыналар:

60 кило – Рюдзю Нагаяма (Жапония)

66 кило – Джуширо Маруямо (Жапония)

73 кило –  Рустам Оруджев (Әзірбайжан)

81 кило – Саги Муки (Израиль)

90 кило – Николоз Шеразадишвили (Испания)

100 кило – Майкл Коррел (Недерланд)

+100 кило – Лукаш Крпалек (Чехия).