• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қаңтар, 2020

Мәселелерді бірігіп талқылады

188 рет
көрсетілді

Ұлттық академиялық кітапханада Мә­де­ниет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Президент жанын­дағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүше­лерімен, министр­лікке қарас­ты мәдениет, спорт және өнер қайрат­керлерімен кездесті.

«Президент жанындағы Ұлттық қоғам­дық сенім кеңесі мүшелерінің ұсыныстарын тал­қылау мақсатында жиналып отырмыз. Ұсыныстарды талқылауды біз өткен жылдың 12 қа­занында бастағанбыз. Сол отырыстағы ұсы­­ныстарыңыз ескеріліп, министрлікке ба­ғы­нысты ұйымдар бірқатар шаруалар ат­қарды. Соның бірі – министрлік жанынан құ­рылған Мәдени саясат жөніндегі кеңес жә­не Рухани көшбасшылар қоры. Бұл да сіз­дердің ұсыныстарыңыз еді», деді министр. А.Райымқұлова биыл кең ауқым­да өтетін ша­ралардың қатарында Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап, соған сәйкес биыл 500-ден аса түрлі шара­лардың ұйымдастырылатынын жет­кізді. Сондай-ақ әл-Фарабидің 1150 жыл­­­дығы аясында Дамаск және Нұр-Сұлтан қа­ла­­ларында елеулі шаралар өтетінін айтты. Ми­нистр республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 50 па­йызға, аймақтық ұйым қызметкерлерінің жа­лақысы 35 пайызға өскенін де атап өтті.

Басқосуда Мәдениет және спорт министр­­лі­­гінің атынан «Адалдық алаңы» жобалық кең­се­сінің қызметі мен мақсаты, 2020 жыл­ға ар­налған жоспары жайында сол жо­ба­ның же­тек­шісі Марат Қамзолдаев баян­да­ма жасады. Мемлекет басшысының алға қойған міндеті негізінде бұқаралық спор­тты дамыту туралы Спорт және де­не шынықтыру істері комитетінің төр­­ағасы Серік Сәпиевтің, «Қазақ тілінің латын графикасына кезең-кезеңімен көшу мәселелері» деген тақырыпта Тіл саясаты комитетінің төр­ағасы Ғалымжан Мел­дешовтің баяндамалары тыңдалды.

Басқосу барысында белгілі композитор Алтын­бек Қоразбаев «Адалдық алаңына» Қазақ­стан авторлар қоғамының арасындағы дауды мәмілемен шешу жайлы ұсыныс тас­­тады. Қоғамның бұрынғы және қазіргі бас­шыларының арасындағы дау-дамайдың өр­шіп тұрғаны белгілі. Композитор осы іске «Адал­дық алаңының» араласуын қалайды. Атал­ған министрлік өкілдері де бұл даудың екі жақтың мәмілеге келуімен аяқталуын құп­тайтындықтарын аңғартты.

Республикалық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрағасы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Свет­лана Иманқұлованың да ұсы­нысы ерекше болды. «Облыстардағы мәде­­ниет басқармалары әкім­діктердің қарама­ғында. Оларға бір шаруа айтсаң, «біз әкім­дікке қараймыз» деп жауап береді. Егер жер­гілікті жерлердегі мәдениет басқар­ма­лары, депар­таменттері түгелдей мәдениет министрлігіне қарайтын болса, біздің жүйе­міздің жұмысы жақ­сарар еді», деді ол.

Жалпы жиын барысында басқа да бірқатар ұсыныстар талқыланып, министрлік өкілдері тарапынан қаперге алынды, қағазға түсті.