• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Медицина 29 Қаңтар, 2020

Е.Біртанов Назарбаев әуежайында орналасқан санитарлық карантиндік пунктке барды

112 рет
көрсетілді

Министр Қытайдан келетін ұшақтың жолаушыларын тексеру шараларымен танысты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда әуежайында ҚХР-дан келген 6 мыңнан астам азамат тексеруден өтті. Олардың барлығы ұшақтан түспей тұрып сауалнама толтырады. Ол Қытайдан Қазақстанға келген азаматтарды 14 күн бойы бақылауда ұстау үшін қажет.

Жалпы, профилактикалық жұмыстар 6 қаңтарда басталған.

Е.Біртанов санитарлық карантиндік пункттегі сақтық шараларын күшейтіп, мамандардан тек ұшақ бортында ғана емес оқшаулау бөлмесінде де арнайы костюм киіп жүруді талап етті.

Сондай-ақ Е.Біртанов Назарбаев әуежайындағы оқшаулау бөлмесін кеңейту туралы тапсырма берді.