• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қаңтар, 2020

Елордада қар тазалауға 1474 жол жұмысшысы шықты

126 рет
көрсетілді

28 қаңтардан 29-на қараған түні қала сыртына 28 804 текше метр қар шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда көшелерін қардан тазарту жұмыстарына  1 127 техника  бірлігі жұмылдырылып, 1474 жол жұмысшысы шықты.

Нәтижесінде, 723 рейс жасалып, 8 685 текше метр қар полигондарға төгілді. Бүгін қар тазалау, шығару жұмыстарына 1206 техника бірлігі мен 1548 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Жалпы қыс басталғалы бері шығарылған қар көлемі  2 371 244 текше метрді (197 603 рейс) құрайды.