Елордада екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы хабарлады.
«Төтенше жағдайлар департаменті, Білім басқармасының шешімі бойынша 2020 жылғы 29 қаңтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің II-ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды» делінген хабарламада.