• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қаңтар, 2020

Нұр-Сұлтанда автокөліктерді қыздыруға арналған электр бағандары орнатылады

135 рет
көрсетілді

Электр бағандар автокөліктерді қыс мезгілінде қыздыруға арналған. Инновациялық жоба қала әкімдігінде талқыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АДБ есебінен жүзеге асатын мұндай жобалар қоршаған ортаға пайдалы: жағармай тұтыну мөлшері азайып, ауаға лас қалдықтардың залалы азаяды.

Технология 2 бөліктен тұрады: 1-ші бөлігі- электростанцияның өзі, 2 - ші бөлігі-көлікте орнатылатын құрылғы. Сол құрылғы арқылы көлік электр бағанына қосылады.

Пилоттық жоба төменде көрсетілген тұрақ аймақтарында іске асырылады:

«Нұрсая -2» тұрғын үй кешені (Мәңгілік Ел даңғ., 13),

«Сарыарқа» ауданының әкімдігі (Сарыарқа даңғылы, 13),

Есіл ауданының әкімдігі (Қабанбай батыр даңғылы, 33),

«Toyota city» дилерлік компаниясы  (Тұран даңғылы 76),

«Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ филиалының «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» (Шынтас бұрылысы 1а).