Бүгін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік салаға жетекшілік ететін жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке Эльдар Төлеубеков тағайындалды.
Эльдар Төлеубекұлы 1967 жылдың 8 қарашасында Өскеменде дүниеге келген.
2005-2010 жылдар аралығында Өскемен қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары болған.
2010 жылдан бері Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры қызметін атқарды.
ӨСКЕМЕН