• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Қаңтар, 2020

Танымал АҚШ режиссері Түркістан әкімінің шақыртуын қабыл алды

404 рет
көрсетілді

Голливуд режиссері Майкл Бэй Түркістан әкімі Рашид Аюповтың шақыртуын қабыл алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Танымал американдық режиссер Instagram желісі арқылы әкіммен әңгімелесіп, нақты қай күні келуге болатынын сұрапты.

Түркістан әкімі Бэйді «Наурыз» мейрамына қарсы 21 наурызға шақырды. 

«Түркістанға келген кезде біздің халықтың қонақжайлығын көрсетеміз, Түркістан қаласында қандай халық тұратынын білетін болады. Егер тағы фильм түсіргісі келсе, қолымыздан келгенше көмегімізді аямаймыз» дейді Рашид Аюпов.

Түркістан әкімі жаңадан түсірілген фильмге наразы болып, АҚШ режиссеріне үндеу жариялаған еді.