Ресей ІІМ Көші-қон жөніндегі бас басқармасының бастығы Валентина Казакова украиндар мен белорустар үшін Ресей азаматтығын алу процедураларын жеңілдету үшін заң жобалары әзірленгенін айтты. Бұл туралы RT жаңалықтар сайында хабарланған болатын.
«Біздің ең жақын көршілеріміз - Беларусь пен Украина азаматтары үшін азаматтық алу процедураларын жеңілдететін заң жобалары әзірленді, оларды біз орыс тілін білуден және сұхбат алудан босатуды ұсынамыз», - деді Казакова.
Бұған дейін «Известия» газеті жазғандай, Казакова 2019 жылы Донбасстың 200 мыңнан астам тұрғыны Ресей төлқұжаттарын алғанын хабарлады.