Үкімет жанындағы ВАК Қазақстан Республикасында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шарасын қабылдады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады, сондай-ақ, 2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.
Айта кетейік, Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режімде қадағалауда. Биылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген. Бұл мәселе ел басшылығының ерекше бақылауына алынған.