• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2020

Ақтауда «Жаяу жүргінші» жедел-алдын алу шарасы өтті

189 рет
көрсетілді

Жергілікті полиция қызметкерлері жол- көлік оқиғасының алдын алу мақсатында жаяу жүргіншілермен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Жолдағы апаттар негізінен жаяу жүргіншілердің жолды рұқсат етілмеген жерден өтуі салдарынан орын алады. Осы орайда жол сақшылары тұрғындарға, оның ішінде ата-аналарды жолдағы тәртіпті қадағалауға шақырды. Жолды кесіп өтудің қажеті жоқ екенін ұмытпай, керісінше көліктің өтіп кеткендігіне көз жеткізіп, жылдам қадамдар аркылы тез өту қажеттігін балаларға үйрету керек.

Полицейлер тұрғындарға кез-келген жаяу жүргіншіге өткелі жоқ көшеден өтуге болмайтындығын, ол үшін жақын маңдағы көше қилысына немесе «жаяу жүргінші өткелі» деген жол белгі орнатылған жерге дейін барып, арнайы өткелден өтуі керектігін түсіндірді. Соңғы уақыттары жүргізушілердің кінәсінен Актау каласында 59 жол апаты болған, оның ішінен 4 адам кайтыс болып, 55 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған.