Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы ресми түрде басталды. Биыл ЮНЕСКО-ның қолдауыменхалықаралық ауқымда аталып өтетін ғұламаның мерейтойы әлемнің 40-тан аса елінен қонақтардың басын қосты.
Салтанатты жиында сөз алған мәртебелі қонақтардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының директоры Криста Пиккат ханым да болды.
–Мен ЮНЕСКО атынан сіздерді Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойына арналған осы іс-шарада көргеніме қуаныштымын.
1150 жылдық мерейтойды ЮНЕСКО-ның жаһандық атаулы күндер тізіміне енгізілуі 2020 жылға сәйкес келуіне дүниежүзілік мән беріледі.
Әл-Фарабидің өмірі мен білімге ұмтылысы, әлем және өмірдің мәнін түсінудің үлгісі болып табылады.
Ғұлама ғалым білім жолында көптеген қалаларды Бағдад, Алеппо, Дамаскіде болды.
Әл-Фараби өз өмірін ғылымға арнай отырып білім, өнер, астрономия, математика және философия сияқты түрлі салаларда көптеген еңбектер қалдырды. Ұлы ғалымның даналық ой-пікірлері мен рухани дәйек сөздері негізінде адамды тұлға ретінде тәрбиелеп және шынайы адами құндылықтарды нығайтуға болады. Ұлы ұстаздың даналығы бүгінгі күні де өзекті және үлкен мәнге ие болып отыр.
Ғалымның трактаттарын түсіну белгілі бір деңгейді, ішкі дайындық пен саналылықты қажет етеді.
Сондықтан да Қазақстанның алдыңғы қатарлы университетіне әл-Фараби аты берілгені кездейсоқ жағдай емес. Бұл өте символикалық іс, өйткені университет өз қызметінде таным мәселелеріне көңіл бөледі, адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға және ұмтылысын дамытуға ықпал етеді.
Ғалымның аты университетке, оқытушылар мен студенттерге арнайы мәртебе береді, сол себепті де университет мерейтойлық іс-шаралардың ұйымдастырудың негізгі орындаушысы болып бекітілді.
Сондықтан университеттің барлық ұжымы мен студенттерін алғашқы іс-шара салтанатымен және әл-Фараби орталығының ашылуымен құттықтағым келеді. Мерейтой барысында жоспарланған іс-шаралар бағдарламасын жүзеге асыруда сіздерге үлкен табыс тілеймін!
Әл-Фарабидің жаңа орталығын құру және оның жұмысы БҰҰ мен ЮНЕСКО үшін үлкен маңызға ие.
Әл-Фарабидің дүниетанымы мен мұрасы Тұрақты Даму саласындағы жаңа күн тәртібімен, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бағдарламалары және мақсаттарымен үндес. Сондықтан да орталық Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да мәдениаралық диалогты дамытатын ЮНЕСКО-ның белсенді серіктесіне айналуы мүмкін.
Орталықтың қызметі ЮНЕСКО-ның жастар арасында ғылымды ілгерлетуге, тұрақты дамуды жетілдіруге қажет білім мен дағдыларды ынталандыруға, сондай-ақ әлем мәдениетін дамытуда және зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет етуде, мәдени әртүрлілік құндылықтарын тануда көмек бере алады, деді.