• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қаңтар, 2020

Алдын алу шаралары айтылды

411 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында коронавирустың таралуының алдын алу бойынша өңірлік штаб құрылды. Оны облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров басқарады.

Штаб қорғаныс шараларын қабыл­­дай­тын болады және онда­ғы­ жұмыстар облыс әкімінің тіке­лей бақылауында болмақ. Соны­мен қатар шектеуді алып тас­тағанға дейін жағдай туралы ақ­парат әрбір аппараттық кеңесте тыңдалады.

Бұдан бөлек, алдыңғы күні кен­ші­лер астанасында «Коронавирус инфек­ция­сының көкейкесті мәсе­лелері: заманауи ағымның ерек­ше­ліктері, диагностика, фармакотерапия» тақырыбында оқыту семи­нары өтті. Бұл шара инфекция жұқтырды-ау деген күдікке ілін­ген нау­қас­тармен жұмыс істе­уі мүмкін дәрігерлер үшін ұйым­дас­тырылды.

Семинар барысында облыстық кли­­­никалық аурухананың инфекция орталығының директоры Ержан Жү­ні­сов журналистерге коронавирус инфекциясын жұқ­тыр­ған науқастарды емдеуге медицина қызметтерінің қан­ша­лықты дайын екенін және қауіптің алдын алу шаралары туралы айтып берді.

– Біздің медициналық және эпи­де­мио­логиялық қызметтер мұн­дай жағдай тіркеле қалған жағ­дайда, оған сақадай сай да­йын деп сеніммен айтуға болады, – дейді жауапты маман.  

Яғни, облыстық клиникалық ауруха­на­ның инфекциялық орта­лы­ғының базасы негізінде ауруды жұқтыруы мүмкін науқастар үшін қосымша кереуеттер мен бокстар қо­йылған. Дәрі-дәрмектің де мол қоры жиналған. Сонымен қатар сани­тарлық-эпидемиологиялық және қауіптің алдын алу шараларын, инфекция жұқтырған науқас болса, олардың келіп-кетуін шектеу тәртібін қатаң қолдану да қарастырылыпты. 

 

Қарағанды облысы