• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қаңтар, 2020

Жедел штаб құрылды

445 рет
көрсетілді

Қытай мемлекетімен шек­тесетін Шығыс Қазақстанда со­л елден шыққан коро­на­ви­ру­с­тың таралуына жол бермеу мақ­сатында жедел штаб құ­рылды.

2 ақпанға дейін «Бақты» және «Майқапшағай» кеден бекеттері арқылы шекарадан өту тоқтатылды. «Екі бағытта да азаматтар мен тауар­лар­дың қозғалысын толық тоқтату мәсе­лесі шешілуде. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының аума­ғында коронавируспен ауыру фак­ті­лері тіркелген жоқ. Жағдай менің жіті бақылауымда», деп жазды облыс әкімі Даниал Ахметов өзі­нің фейсбуктегі парақшасында.

Өңір басшысының айтуынша, шекаралық бекеттердегі сани­тар­лық-бақылау пункттері тепловизор­лар­мен жабдықталған. Бақты және Майқапшағайда 6 теплови­зор бар. Семей және Өскемен әуе­жай­ла­рын­да жолау­шыларды мониторингтен өткі­зетін үш тепловизор жұмыс іс­тей­ді. Алдағы күндері «Ақтоғай» те­мір жол стансасын тепловизорлармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Өңірдің барлық медициналық ұйым­дары жоғары дайындық режі­мін­де жұмыс істеуде. Вирусқа қарсы препараттардың қажетті қоры, сондай-ақ 12 400 қорғаныш кос­тюмдері, 670 мың респиратор және 7 млн бір реттік маскалар бар. «Күдікке ілінген, вирус жұқ­тыр­ған адамдарды тасымалдайтын 2 жеке көлік капсуласы дайын. Тағы 4 капсулаға және Л-1 типті 18 қор­ға­ныш костюміне өтінім берілді. Қытай шекарасынан әрі-бері өткен аза­мат­тардың денсаулық жағдайы мұқият бақылауға алынған», дейді Д.Ахметов.

 

Шығыс Қазақстан облысы