Шведтік экобелсенді Грета Тунберг өзінің есімін және мектеп оқушылары халықаралық қоғамдық қозғалысының атауын сауда белгісі ретінде тіркелуге өтініш берді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бұл шешімді оның атын заңсыз пайдаланушылардың санын азайту және келісімінсіз коммерциялық мақсатта қолданатындарға қарсы қабылдағанын айтқан.
Грета Тунберг 2019 жылы «Жыл адамы» атанған болатын. Өткен жылы экология мәселелерін қозғап жүрген белсенді ретінде де көпшілікке танымал болды. Ол Солтүстік кеңестің экологиялық марапатынан, сондай-ақ 52 мың доллар көлеміндегі ақшалай сыйақыдан бас тартқан еді.