2020 жылдың наурыз айында Қытайда өтуі тиіс жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионаты коронавирусқа байланысты кейінге шегерілді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Әлем біріншілігі 13-15 наурыз күндері Қытайдың Нанкин қаласында өтуі тиіс болатын. Халықаралық федерацияның баспасөз қызметі әлемдік сынның ауыстырылғаны туралы хабарлама таратты.
«Қытай коронавируспен күресу үшін аянып қалмайды. Ал біз сол үшін оларға бар жағдайды жасауымыз қажет. Біз спортшылар мен федералды биліктерге және серіктестерге бұл аймақтағы спорттық жарысқа қатысты мәселенің қалай шешіліп жатқанын нақты жеткізуіміз керек. Бұл әлем чемпионатын өткізбеу туралы шешім қабылдаған жоқпыз. Өйткені, көптеген спортшылар бұл турнирді асыға күтіп жүр. Сол себепті, жарысты 2021 жылға қалдырдық» делінген хабарламада.