• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қаңтар, 2020

Данияр Қайсанов әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді

444 рет
көрсетілді

Еркін күрестен Азия чемпионы және Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсанов әлемдік рейтингте  жоғарылады. Бұл жайлы Olympic.kz сайты жариялады. 

74 келіде сынға түсетін Қайсанов жақында Италияда өткен рейтингілік турнирде қола жүлдегер атанған болатын. Бұл Даниярға қосымша 12 ұпай сыйлады. 

Нәтижесінде қазақстандық спортшы өз салмағында рейтингтің үшінші сатысынан орын алды. Данияр Қайсановтың еншісінде 12 ұпай бар.

Бұған дейін де Данияр Қайсанов өткен ширек финалдық бәсекеде әлем үздігі, италиялық Франк Чемизодан ұтылған болатын. Чемизо өз кезегінде финалға жолдама алып, Қайсановқа жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі берілген болатын.