• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Абай 31 Қаңтар, 2020

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» мерейтойлық концерті өтті

716 рет
көрсетілді

Абай мұрасын насихаттауды мақсат еткен мерейтойлық концерт Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өтті.

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» деп аталған танымдық кеште ақынның «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да...», «Есіңде бар ма жас күнің», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» т.б сынды өлеңдері оқылып,  оқытушылар мен студенттер нақышына келтіре айтқан әндер қатысушыларды ыстық ықыласқа бөледі.

Кешті Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Гүлдана Сапарғалиева жүргізді. Кешті ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ұлы Абайдың мұрасы қазіргі қоғамның рухани қағидасымен үндес. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар шамшырақ. Абайды танып өскен өреннен, әлем мойындаған тау тұлғалар өркейер. Ал олар қазақ қоғамының келешегі».