• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қаңтар, 2020

Шайбалы хоккей: «Барыс» «Нефтехимикті» ұтты

216 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанда өткізген «Барыс» Нижнекамскінің «Нефтехимигінен» басым түсті.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін Даррен Диц жерлестерімізді алға шығарды. Үшінші кезеңде қонақтар есепті теңестірді. Алайда олардың қуанышы ұзаққа созылмады. 50 минутта Антон Сагадеев нысананы дәл көздеп, «Барысқа» жеңіс сыйладыү Есеп – 2:1.

Қазіргі кезде «Барыс» 54 ойыннан кейін 71 ұпай жиып, тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде алтыншы орынды иеленуде. Шығыс дивизионында  үшінші сатыға жайғасты.

«Нефтехимикті» ұтқаннан кейін жерлестеріміз мерзімінен бұрын плей-оффқа жолдама алды.