• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қаңтар, 2020

Түркістан: Ауыл шаруашылығына америкалық технологиялар ендірілмек

282 рет
көрсетілді

Халықаралық агроөнеркәсіп кешені саласында мамандандырылған америкалық «Valmont Industries» компаниясы Түркістан облысында жұмыс істеуге ниетті.

Суару технологиялары өсімдік дақылдары өнімін көбейтіп, су шығынын 50 пайызға төмендететін компания ауыл шаруашылығында ғана емес, энергетика, көлік, сауда-саттық, азық-түлік белдеуін қалыптастыруда да бірлесе жұмыс істеуге дайын.

Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесуінде  инвестициялық жобамен таныстырған «Valmont Industries» компаниясының басшысы Роберт Гиллен мәлім етті.

Кездесу барысында тараптар жаңбырлатып суару тәсілін  қолдануға қатысты екіжақты ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу жоспарларын талқылады.

Механикаландырылған, жаңбырлатып суару жүйесін қолдану арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіріп - баптайтын машина-трактор станциясын құру мәселесі де ортаға салынды. Облыс әкімі өңірде инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын, әкімдік тығыз ынтымақтастыққа, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді. «Өңіріміздің климаты ауылшаруашылық өнімдерін өсіру үшін өте қолайлы. Жаңбырлатып суару әдісін пайдалану ауылшаруашылық саласын дамытуға ықпал ететініне сенімдімін», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы бірлескен жобаларды іске асыру үшін жұмыс тобын құруды және жаңбырлатып суару өндірісінің құрал-саймандарын орнату үшін қажетті инфрақұрылымы бар лайықты жер телімін бөлуді тапсырды.