Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш аймағында автокөлік қозғалысы жабылды. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады.
Қарағанды облысында көктайғақ болуына байланысты «Қызылорда-Павлодар» республикалық автожолының учаскесінде (Молодежное ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін, 1066-1135 км) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылған. Павлодар облысында көкайғақтан көліктің барлық түрлеріне арналған қозғалыс «Қызылорда-Павлодар» республикалық автожолының учаскесінде (Бошакөлден Қарағанды облысының шекарасына дейін, 1135-1006 км) жабылды.Шығыс Қазақстан облысында үш бағыттағы жолдар да көктайғақтың әсерінен «Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Бел-Агаш-Дмитриевка» (0-42 км), «Чарск-Бакырчик» (0-42 км), Бородулиха - Жезкент »(0-49 км) трассалары жабылды.