Кездесу барысында коронавирустың таралуы салдарынан әлемдік нарықтағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы мен оны дамытудың перспективалары қарастырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті Үкіметке ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, жоспарланған құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, халықтың қажеттіліктерін өтеу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды.