• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Ақпан, 2020

Қыс басталғалы 3 млн текше метр қар шығарылды

165 рет
көрсетілді

Бүгін қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 220 техника мен 1 561 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Бұл жайлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал 3 қаңтардан 4-не қараған түні қар тазалау, шығару жұмыстарына 1 033 техника мен 151 жол жұмысшысы тартылды.

Нәтижесінде, 2 996 рейс жасалып, 35 949 текше метр қар полигондарға төгілді.

Жалпы қыс маусымы басталғалы қала сыртына шығарылған қар көлемі 3 013 752 текше метрді (250 320 рейс) құрайды.