• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Ақпан, 2020

Белгілі ресейлік актер өмірден өтті

242 рет
көрсетілді

Санкт-Петербургте актер Дмитрий Бульба қайтыс болды. Бұл туралы қалалық «Мастерская» театрының хабарламасында айтылған.

Актер небәрі  53 жаста еді, оның қайтыс болу себебі әлі белгілі болған жоқ.

Дмитрий Бульба 1966 жылы 30 тамызда Ленинградта дүниеге келген, Ленинградтағы театр, музыка және кинематография институтын бітірген. Оқу бітірген соң Брянцев атындағы жастар театрында, кейін Литейный театрында жұмыс істеген.

Актер Сергей Юрскийдің  «Чернов», «Улица разбитых фонарей», «Невский», «Ментовские войны», «Дорожный патруль» және тағы басқа фильмдерде басты рөлді сомдады.