• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Ақпан, 2020

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

682 рет
көрсетілді

СҚО полиция және Білім басқармасының қызметкерлері 15 қаңтардан бастап 15 ақпан аралығында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясына қатысуда. Қазір облыс мектептерінде 125 автокөлік бар екен, олардың қызметін 1200-ге жуық мектеп оқушылары пайдалануда.

Екі басқарманың қызметкерлері жуырда Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылындағы «Парасат» мектебінде болып қайтты. Олар жол жүрісі ережелерін білуге арналған сынып сағатын өткізді және ауыл шетінде тұратын балаларды тасымалдайтын автобустың техникалық жай-күйін, салонда өртсөндіргіш пен дәрі қобдишасының, жүргізушіде қажетті құжаттардың бар-жоғын тексерді.

«Мектеп автобустары сәйкес келуі тиіс бірқатар талаптар бар, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Азамат Жамұқов. – «Оларда «Балаларды тасымалдау» деген тану белгісі мен сары түсті жарқылдауық маягі болуы міндетті. Мұндай маяктар жүргізушілерге жол қозғалысының басқа да қатысушылары алдында артықшылық бермейді, тек ЖЖҚ 6-т. сәйкес кейбір жол белгілерінің талаптарын орындамауға рұқсат етіледі. Мысалы, жарқылдауық маягі іске қосылған мектеп автобусы «Тоқтауға тыйым салынған» деген белгіге тоқтауға құқығы бар. Сондай-ақ ол басқа да көлік құралдары жүргізушілерінің назарын аудартатын белгі болып табылады».

Мектеп басшыларына патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің ілесіп жүруінсіз елді мекендердің шегінен тыс жерге балаларды тасымалдауға қатаң тыйым салынғаны ескертілді. Өзара іс-қимыл жасау алгоритмі қатаң жазылған және мұқият сақталуы қажет.

Жол қозғалысының жас қатысушыларының қауіпсіздігін сақтау – ЖПҚ бөліністері жұмысының ерекше бағыты болып табылады. Тәртіп сақшылары көліктердің легі жиілеген сәттерде білім беру ұйымдарына жақын жолдарда кезекшілікті күшейтеді, акциялар мен жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізеді. «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы аясында полицейлер облыстың барлық аудандарындағы мектеп көліктерін тексеруді жоспарлауда.

Солтүстік Қазақстан облысы